"20 жыл құлдықта болған": Қызылордада адам саудасының құрбандарына көмек көрсетілді
Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлап отыр. Олар 20 жыл құлдықта болған қазалылық отба ...
Биыл есірткіні жарнамалауға қатысты тіркелген істер бойынша 436 есепшоттағы 64 млн теңге бұғатталды.
Биыл 5 айда Қызылорда облысында есірткіге қатысты қылмыс саны 11%-ға (93-тен 101-ге) көбейген. Бұл туралы облыстық прокуратурадан мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мамандар қылмыскерлердің трансформацияланып, есірткі мен психотроптық заттарды өткізудің жаңа әдісіне көшкенін айтып отыр. Олар да интернетті есірткі сататын негізгі алаңға айналдырып алған.
"Героиннің орнын синтетикалық есірткілер басты. Олардың құрамдас бөліктері еркін саудада. Химиялық компоненттер мен прекурсорлардың заңды айналымын бақылау үшін тиімді құралдарды енгізу қажет. Қазіргі таңда заңсыз айналымды шектейтін жаңадан заң нормалары әзірленіп жатыр", – деді облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев.
Биыл есірткіні жарнамалауға қатысты тіркелген істер бойынша 436 есепшоттағы 64 млн теңге бұғатталды. Марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.
"Тергеу барысында 3 есірткі алқабы жойылып, салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынды. Қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауға алынды. Қылмыстық істі қазір сот қарап жатыр", – деді Нұрболат Дүйсенбаев.
Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлап отыр. Олар 20 жыл құлдықта болған қазалылық отба ...
Бас прокуратура қазақстандықтарға қыз алып қашқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды, — деп х ...
Бүгінгі бағдарламада: Жазадан қаша алмайды. Алматыда қатыгез қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталды. О ...