Қазақстандағы алғашқы АЭС атау белгілі болды
Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық байқау аяқталды ...
Қазақстанда екінші атом электр станциясының (АЭС) салынатын жері 2025 жылдың күзіне дейін белгілі болады.
Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыруда Қытайлық CNNC компаниясы техникалық серіктес ретінде қатысады.
«Күзге қарай нақтысы, құрылыс алаңы анықталады. Тіпті бұл ақпарат одан да ертерек жариялануы мүмкін», – деді Скляр «Орталық Азия – Қытай» саммитінің алаңында өткен брифингте.
Вице-премьердің айтуынша, қазіргі уақытта технико-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірленіп жатыр. Бұл құжат дайын болмайынша, құрылыс мерзімі мен жобаның нақты құны туралы айту мүмкін емес.
«Ешбір құрылысшы ТЭН-сыз нақты бағаны айта алмайды. Сондықтан алдымен толық негіздеме әзірленеді», – деп түсіндірді Скляр.
Бұған дейін Қазақстанның Атом энергетикасы агенттігі алғашқы АЭС «Росатом» технологиясымен салынатынын ресми түрде хабарлаған болатын. Ал екінші станцияны Қытайдың мемлекеттік корпорациясы – CNNC салмақ,
Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық байқау аяқталды ...
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс б ...
Еліміздің Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттігі ...