СҚО-да элеватор жұмысшысы астық қоймасына құлап, көз жұмды
Қайғылы оқиға 19 қараша күні болған. Ақжар ауданында 34 жастағы жұмысшы әйел биіктігі шамамен 30 метр болатын ...
Қылмыстық іс 109 томнан тұрады.
Тергеу деректеріне сәйкес, ұрланған қаражаттың жалпы көлемі 3,5 миллиард теңгені құрап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, қайырымдылық қорын құрып, оның басшысы болған ерікті Перизат Қайрат 2024 жылы қарашада "ірі көлемде ақша жымқырды" деген күдікпен ұсталған еді.
Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның үстінен жүргізілген алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.
Агенттік істің 109 томнан тұратынын, іс қатысушылары 19 наурызда материалдармен таныса бастағанын жазады.
– Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 миллион теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді, – деп жазылған хабарламада.
Осылайша, Қылмыстық іс қазір Бас прокуратураға жолданып, оның әрі қарай сотқа жолдану мәселесі қаралып жатыр.
Қайғылы оқиға 19 қараша күні болған. Ақжар ауданында 34 жастағы жұмысшы әйел биіктігі шамамен 30 метр болатын ...
Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Бивол Қазақстан мен Қырғызстан билігінің өзіне қат ...
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенаттағы брифингте айтты. "СК- ...