Димаш Құдайберген Вьетнамдағы музыкалық фестивальде ән шырқайды
Әлемдік мәдениеттерді бір арнаға тоғыстыратын күн 2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның халық әртісі Димаш ...
Қазақстандағы «Вайнах» шешендер мен ингуштар қауымдастығы 30 жылдығын атап өтіп жатыр. «Вайнах» сөзін екі ұлт «біздің адамдар» деген мағынада қолданады. Бүгін мейрейтой аясында Достық үйінде арнайы форум өтті. Жиын этнографиялық көрмеден басталды. Онда вайнахтардың дәстүрлі мәдениетіне тән тұрмыстық бұйымдар, әдебиет, бейнелеу өнері туындылары және ұлттық тағамдар ұсынылды. Форумға қауымдастық басшылығынан бөлек Ассамблея мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Зелимхан Зубариев, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының мүшесі:
Бәрі осы Қазақстан, қазақ елінен келіп осы бүгін мына шараны өткізіп жатырмыз. Мына қазақ халқы кезінде бізге, біздің ата-бабаларымызға көмектескен. Қазақ халқын, оның салт-дәстүрін сыйлап, тілін сыйлап, осының бәрін айтып жатырмыз осы жастарға. Мен өзім қазақтардың арасында тұрамын. Жалғыз бір отбасы, бірақ жалғыз деп өмірімде ойлаған жоқпын. Неге десе, той-садақа, барлық жерде араласамыз.
Темірлан Нұрсолтан
Әлемдік мәдениеттерді бір арнаға тоғыстыратын күн 2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның халық әртісі Димаш ...
2025 жылы мәдениет нысандарында 51 құрылыс және 250 жөндеу жұмысы жоспарланған. Мемлекеттік қолдау және ...
Соңғы бес жылда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени бірегейлікті нығайту, ұлттық өнерді әлемдік деңгейде таныту ...