Израиль атысты тоқтату режиміне қарамастан Газаға шабуылын жалғастырып жатыр
Израиль әскері Газа секторындағы оккупацияланған аймақтарға әуе және артиллериялық соққылар жасады. Куәгерлердің айт ...
Иран Израильді 20-дан астам зымыранмен шабуылдап, олардың төртеуі Тель-Авив пен Негев аймағындағы нысандарға дәл тиген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шабуылдың негізгі нысанасына Бирсеба қаласындағы Сорока ауруханасы айналған, мұнда шабуыл салдарынан 65 адам жарақат алды. Ал бұл сәт тікелей эфирде көрсетілді.
Иран билігінің айтуынша, бұл зымырандар Израильдің шабуылдарына жауап ретінде ұшырылған. Зымырандар Тель-Авив маңына және елдің оңтүстігіндегі бірнеше нүктеге түскен.
Орталық аймақтағы нысандар: Тель-Авив қаласы, Рамат-Ган және Холон. Оңтүстікте зымырандар Бирсеба (Беэр-Шева) қаласындағы ғимараттарға құлаған.
Израильдің жедел жәрдем қызметі жариялаған мәліметке сәйкес, медициналық топтар мен дәрігерлер жедел көмек көрсеткен. Жарақат алғандардың ішінде 3 адамның жағдайы ауыр, 2 адамның жағдайы орташа, ал 65 адам жеңіл жарақат алған — жарылыс пен сынықтардан зардап шеккен.
Израиль әскері Газа секторындағы оккупацияланған аймақтарға әуе және артиллериялық соққылар жасады. Куәгерлердің айт ...
Зымыранының алғашқы ұшырылуына дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Ұшырылым кешенінде "Союз-5/Сұңқар" зымыран- ...
Израиль әуе соққыларынан Газа секторында бір тәулікте 10 адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алған. Бұл ту ...