Астанада ішіп алып көлік жүргізген судья ұсталды
Астана қаласында азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйінде көлік жүргізге ...
Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолмановаға сот үкімі шықты.
Үкімді Медеу аудандық сотының судьясы Қанат Әрінов шығарды. Светлана Жолманова ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды.
Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.
С. Жолманова 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың миллиондаған теңгесін қолды қылған. Зардап шеккендердің арасында оның достары, көршілері, таныстары мен әріптестері бар.
«С. Жолманова жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу туралы үкім шығарылсын. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын», – деді судья.
Аталған іс бойынша екінші айыпталушы Данияр Күшалиев ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды.
Астана қаласында азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйінде көлік жүргізге ...
Палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді. Бүгін Сенат ...
Сенат отырысында Жоғарғы соттың судьясы Берік Нәжімеденов қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz с ...