Түркістан облысында жаңа екі су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын
Өңірде "Бәйдібек-ата" және "Қарақуыс" су қоймаларының құрылысы жалғасып жатыр. Көлемі 68 млн текше метр болатын "Б ...
Елімізде бес айда 105 бала терезеден құласа, оның 7-і мерт болған.
Терезелердің 42%-да қауіпсіздік қоршаулары болмаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мұндай жағдайлардың жиілеуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік нормативке өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасап отыр. Өйткені, терезеден құлап мерт болғандардың дені – 7 жасқа дейінгі балалар.
"Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселе үшін қатты алаңдайды. Себебі балалар аурудан емес, салғырттықтан көз жұмып жатыр. Көбіне 7 жасқа дейінгі балалар арасында осындай оқиғалар жиі тіркеледі. Сондықтан заңнамаға өзгерістер енгізіп, толықтай ашылатын терезелерге мүлдем тыйым салу керек. Құрылыс компаниялары тұрғын үйдің жоспарын бекіткенде және үй иелері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгенде терезе қорғанышын ескеруге міндеттелуі тиіс", – деп мәлімдеді ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.
Өңірде "Бәйдібек-ата" және "Қарақуыс" су қоймаларының құрылысы жалғасып жатыр. Көлемі 68 млн текше метр болатын "Б ...
Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" би ...
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өң ...