"Қазгидромет" Алматыдағы жазға болжам жасады
Алматыда биыл жазда ауа температурасы аса қатты ыстық болмайды. Дегенмен кейбір күндері температура +33+38 г ...
El.kz интернет порталы 20 маусымға арналған жұлдыз жорамал ұсынады. Қай белгіге не маңызды екенін бірге білейік .
Бүгін – жанталасып шешім қабылдауға асықпаңыз. Кеше маңызды көрінген дүниелер кенеттен екінші орынға түсіп қалуы мүмкін. Уақытыңызды бағалап, қайда бет алып бара жатқаныңызды байыппен ойланыңыз. Бұл күн – сыртқы емес, ішкі тәртіпке шақырады.
Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)
Іштей бір өзгерістің керектігін сезінесіз. Бұрын сізге маңызды көрінген дүниелердің мәні жоғалып бара жатқандай көрінеді. Бұл күн – әрекетке емес, бағытты нақтылауға арналған.
Жұмыс: Атқарып жүрген істеріңізді саралап шығыңыз. Қайсысы – нағыз құнды, ал қайсысы – жай әдет?
Денсаулық: Жүрек пен қан қысымы мазалауы мүмкін. Жылы тамақ ішіп, демалысты ұмытпаңыз.
Махаббат: Ашық әңгіме керек. Бірақ сабырмен, серігіңіздің сезімін ескере отырып сөйлескен дұрыс.
Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)
Өмірдегі қарым-қатынастарыңызға, берген уәделеріңізге қайта көз жүгіртіңіз. Өзгеден не күтетініңізді, өзіңізден не талап ететініңізді түсінуге тырысыңыз.
Жұмыс: Бүгінгі күн ашық сөйлесуге, шын ниетіңізді жеткізуге қолайлы.
Денсаулық: Мойын, арқа, омыртқа – басты назарда. Жеңіл жаттығу жасаған пайдалы болады.
Махаббат: Сіз жұбыңыздың жаныңда болғыңыз келеді, бірақ өз тәртібіңіз бен өз ережеңіз бар. Бұл – қалыпты жағдай. Тек мұны ренішпен емес, ашық әрі түсінікті түрде жеткізу маңызды.
Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)
Егіздер өміріне жаңа көзқараспен қарап, ішкі түйсігіне үңіледі. Ойлары тереңдей түседі. Көп нәрсенің мәнін енді ғана байқай бастайды. Бұл күн өмірлік ұстанымдарды қайта қарауға таптырмас мүмкіндік.
Жұмыс: Бүгін қажетсіз қоңыраулар мен кездесулерден бойды аулақ ұстаңыз. Уақытыңызды терең, зейінді жұмысқа арнаңыз.
Денсаулық: Жүйке жүйеңіздің шамадан тыс жүктемесі денсаулыққа әсер етуі мүмкін: бас ауруы, ұйқысыздық, ашушаңдық түрінде білінеді. Сондықтан артық шудан, мазасыз ойлардан алшақ болуға тырысыңыз.
Махаббат: Сіз сезіміңізді сөзден гөрі көңіл-күй арқылы көрсеткіңіз келеді. Бұл күні өзіңізге әлсіз немесе осал сезінуге рұқсат бере аласыз. Бұл – әлсіздік емес, бұл – жақындықтың белгісі.
Шаян (21 маусым – 22 шілде)
Бүгін шаяндар ішкі әлеміне терең бойлайды. Бұл күн сізге шынайы сезімдеріңізді білуге көмектеседі. Іштегі артық нәрселерді алып тастағандай боласыз, ақиқатқа жақындай түсесіз. Ең бастысы – осы шынайылықтан қорықпау.
Жұмыс: Жұмыста артық жүктемеден, ескірген міндеттерден, нәтижесіз байланыстардан арылу маңызды. Не кедергі келтірсе – соны тазартуға тырысыңыз. Сонда ғана алға жылжу жеңілдейді.
Денсаулық: Асқорыту жүйесі, әсіресе асқазан, сезімтал болуы мүмкін. Шамадан тыс күйзелісті азайтыңыз және көбірек жылы сөз айтуға мән беріңіз.
Махаббат: Бүгін сіз шағым арқылы емес, үнсіздігіңізбен-ақ өз күйіңізді білдіргіңіз келеді. Жай ғана «мен шаршадым, өз қалпымда болғым келеді» деп айтуға тырысыңыз. Бұл сөздер шынайы қабылданады.
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)
Әрдайым жарқырап, көшбасшы болу міндет емес. Бүгін – өз-өзіңізді есту, ішкі тыныштыққа келу күні.
Жұмыс: Бар назарыңызды бір ғана маңызды іске бағыттаңыз. Әр тарапқа шашырамаңыз. Бұл күні табыс – көлемде емес, нақтылықта жатыр.
Денсаулық: Бұрыннан әлсіз тұстарыңыз – жүрек, бел немесе иммундық жүйе сыр беруі мүмкін. Ағзаңызды шамадан тыс жүктемей, күтім жасаған дұрыс.
Махаббат: Сіз сенімділік пен тұрақтылықты қалайсыз, бірақ оны ашық айтқыңыз келмейді. Мұны сөзбен емес, әрекетпен – тыныш, ренішсіз көрсетіңіз. Бұл шынайы бағаланады.
Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)
Бикештер бүгін ішкі құрылымын өзгертеді. Бұған дейін реттелген, бірақ шын мәнінде нәтиже бермеген дүниелерді қайта қарап шығу қажет болады. Логикалық тұрғыдан дұрыс көрінсе де, егер ол сізге пайда әкелмей жатса, одан бастартқан жөн. Өйткені әлем өзгерді, енді сіздің жүйеңіз де соған бейімделуі тиіс.
Жұмыс: Бәріне үлгеру үшін өзіңізді шектен тыс жұмыспен жүктеп жіберген жоқсыз ба – осыны ой елегінен өткізіңіз. Жоспарыңызды өзіңізге де уақыт қалатындай етіп қайта құрыңыз.
Денсаулық: Бүгін ағза тағамға да, физикалық жүктемеге де аса сезімтал болуы мүмкін. «Жоспарда бар» деп өзіңізді мәжбүрлемеңіз.
Махаббат:
Сіз шынайылықты қалайсыз, бірақ ренжітіп аламын ба деп қорқасыз. Алайда бүгін – іштегі шындықты айтуға қолайлы күн. Бұл арақатынасты бұзбайды, керісінше, оны нығайтады.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Таразылар бүгін өз міндеттеріне қайта қарап, ішкі шындыққа үңіледі. Бір сәтте өміріңіздегі көп нәрсенің сүйіспеншілікке емес, тек сыпайылық пен әдетке сүйеніп тұрғанын түсінесіз. Бұл күн – шынайы таңдау жасауға итермелейді. «Мен мұны шынымен қалаймын ба, әлде өз беделім үшін ғана жасап жүрмін бе?» деп ойланғаныңыз жөн.
Жұмыс: «Көңілім қалды» деп айтуға қорықпаңыз. Жаныңызды шабыттандырмайтын жобаларды жай ғана аяқтап, әрі қарай кетуге болады. Қырсығып, өзіңізді қинаудың қажеті жоқ.
Денсаулық: Бүгін омыртқа мен мойын сезімтал болуы мүмкін. Денеңізге артық күш түсіруден аулақ болыңыз.
Махаббат: Сіз қарым-қатынаста шынайы сыйластықты қалайсыз. Сондықтан өзіңіз де шын көңілмен қадам жасаңыз.
Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)
Бүгін сарышаяндар шынайы болғысы келеді. Бұл әлсіздік емес, адалдыққа жатады.
Жұмыс: Ұзаққа созылып кеткен, нәтижесіз шаруалардан арылыңыз.
Денсаулық: Арқа, бүйрек, несеп жолдары – сезімтал нүктелер. Суықтан сақтаныңыз.
Махаббат: Сіз сүйіктіңіздің жанында болғыңыз келеді, бірақ өзіңізді жоғалтып алғыңыз келмейді. Жақын қарым-қатынаста да жеке кеңістігіңізді сақтау маңызды. Осы арқылы сүйіспеншілік – қорқыныш емес, еркіндікке айналады.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Қайда ұмтылып жүргеніңізді қайта бағалауға жақсы күн. Кей бағыттар сіз үшін енді қызық емес екенін түсінесіз.
Жұмыс: Бұрынғы істерді аяқтамай, жаңасын бастамаңыз.
Денсаулық: Бауырыңыз, жамбасыңыз, сүйектеріңіз әлсіз болуы мүмкін. Ағза беріп тұрған белгілерді елеусіз қалдырмаңыз.
Махаббат: Сізге қозғалыс пен еркіндік қажет. Осы жайлы әңгіме бастауға таптырмас күн.
Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)
Тауешкілер өз мойныңыздағы міндет пен шынайы құндылықтың ара-жігін ажырата бастайсыз. Енді жұмыс пен жауапкершілікті әдет бойынша емес, қажеттілікке қарай бөлетін болады.
Жұмыс: Міндеттеріңізге шынайы көзқараспен қараңыз. Қай жерде өз жұмысыңызды ғана емес, өзгенің де жүгін көтеріп жүрсіз? Соның бәрін талдап, қажетсізін алып тастаңыз. Бүгін барлығын жаңаша келісе отырып реттеуге мүмкіндік бар.
Денсаулық: Тізе, буын, омыртқа – басты назарда. Әр істің арасында тынығуды да ұмытпаңыз.
Махаббат: Сізге тыныштық керек, бірақ соны айтудан сескенесіз. Алайда шынайы сөйлесуге бүгін жақсы күн. Жай ғана ашық, жұмсақ түрде жеткізіңіз.
Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)
Бүгінгі күн – болашақты көз алдыңызға елестетуге, алдағы өмірге не керек, не кедергі екенін саралауға арналған.
Жұмыс: Стратегиялық жоспар құруға, бағытыңызды анықтауға сәтті уақыт.
Денсаулық: Жүйке жүйеңіз сезімтал. Сондықтан тәртіп пен реттілік – сіздің басты қорғаныңыз болмақ.
Махаббат: Бүгін сіз болашақ жайлы сөйлескіңіз келеді. Бірақ бәрі бұл тақырыпқа дайын болмауы мүмкін. Әңгімені жеңіл сұрақтан бастаңыз.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)
Бүгін сіз бұған дейін көп нәрсені сезіммен қабылдап, нақты фактілерге мән бермей келгеніңізді аңғарасыз. Бұл сіз үшін өте пайдалы. Қарым-қатынасты, қаржыны, армандарды қайта қарап шығуға таптырмас уақыт. Өзіңізге адал болу – ең дұрыс бағыт.
Жұмыс: Уақытыңызды шын мәнінде мақсатыңызға жақындатпайтын істерге жұмсап жүрген жоқсыз ба, осыны тексеріңіз. «Әйтеуір істедім» дегеннен гөрі, нақты қадам жасаған артық.
Денсаулық: Бүгін сіздің табиғи сезімталдығыңыз күшейеді. Ауа қажет – үйді желдетіңіз, серуендеңіз, терең тыныстаңыз.
Махаббат: Сіз нәзіктікті қалайсыз, бірақ алданғыңыз келмейді. Егер жүрегіңіз бір жалғандықты сезсе – ішіңізде сақтамай, ашық сұраңыз.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылда кімдердің өмірі күрт өзгеретіні жайлы жазған едік.