«Таңдаулы 100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы жалғасуда
Айта кетейік, бізде төл әдебиетіміздегі таңдаулы 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жалғасып жатыр. Б ...
Алматыда премьерасы өткен «Биік сезім » фильмі көрерменге жол тартты. Шаһардағы Kinoplexx SaryArka кинотеатрында таныстырылған жаңа отандық комедия – Our Media Group продюсерлік компаниясының өнімі.
Фильмнің басты кейіпкері Биік – ширақ, бойы аласа жігіт. Өзінің курьерлік компаниясы бар. Материалдық жағдайы жаман емес. Өмірлік жарын кездестіре алмай жүрген ол бір күні жол апатына түсіп, бойшаң әрі көрікті қыз Сезіммен танысады. Екеуі де бір-бірін ұнатқанымен, сезімдерін жеткізе алмайды.
Алмат Шадмат, фильмнің бас продюсері:
Бұл жерде Ерлан, кинодағы Биік өз сезімін білдіруі үшін; Аружанның жүрегін жаулап алу үшін біраз ерліктер жасайды. Біраз жігітке сай қасиеттерін көрсетеді.
Десе де, қос ғашық бірінің бойшаң, екіншісінің бойы аласа болғанына қарамастан, қол ұстасып, бақытты болып кете ме деген сұрақтың жауабын шығармашылық ұжым құпия қалдырған. Оны тек кинотеатрлардан біле аласыз.
Мақсат Оспанов, фильмнің режиссёрі:
Биік сезім деген әр қыздардың проблемасы ғой. Ұзын қыздар өзіне лайықты жігіттер бойға қарайды дегендей. Таппай жатады. Мағына бойға емес, ішкі жан дүниесіне қараса екен деген, сезіміне қараса деген ой айтқымыз келді.
Ерлан Пірімбетов, актёр:
Адамға қанша ғылым бер, білім бер үйіндегі тәрбиесі дұрыс болмаса қоршаған ортаға опат алып келеді, — дейді. Бұл кинода Биіктің де, Сезімнің де тәрбиелі екенін көрсетеді.
Басты рөлдерді Ерлан Пірімбетов, әнші әрі актриса Аружан Бекболат, Тәуекел Мүсілім, Бейнұр Баймұхамбетов және Айшолпан Байтүгел сынды актёрлар сомдаса, волейболдан «Ару-Астана» әйелдер командасы да фильмнің сапалы шығуына атсалысқан. Романтикалық комедия еліміздің барлық кинотеатрынан көрсетіледі.
Қуан Нұрақын
Айта кетейік, бізде төл әдебиетіміздегі таңдаулы 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жалғасып жатыр. Б ...
Қазақстандағы «Вайнах» шешендер мен ингуштар қауымдастығы 30 жылдығын атап өтіп жатыр. «Вайнах» сөзін екі ұлт «бі ...
Қазақ ғалымдарының кітабы Амстердамда Еуропалық зерттеушілерге таныстырылды. Еліміздің Нидерландтағы елшілігі мен «Юнус ...