Дипфейк: Қаржылық алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы не білеміз?
Жасанды интеллектке негізделген дипфейк технологиясын алаяқтар қаржылық қылмыстар жасау үшін белсенді қолдана ...
Көпшілік бұл жасанды интеллект платформасынан түрлі тақырыптар бойынша ақпарат сұрап, кеңес алып жүр. Алайда діни мәселелерге келгенде абай болған жөн, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ChatGPT және өзге де жасанды интеллект платформаларынан шариғи үкім, діни пәтуа немесе дінге қатысты кеңес сұрауға болмайтынын мәлімдеді. Себебі мұндай жүйелер интернеттегі барлық дереккөздерден мәлімет жинайды. Бұл өз кезегінде дінге қайшы, бұрмаланған немесе нақты мазһабқа сәйкес келмейтін ақпараттардың берілуіне себеп болуы мүмкін.
Қасиетті Құранда «Егер білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар» деп жазылған. Жасанды интеллект – пайдалы құрал. Бірақ діни үкім беру – үлкен жауапкершілік. Сондықтан бұл істе білімді пәтуа мамандарына жүгінген дұрыс. Ал жасанды интеллектті тек көмекші құрал ретінде жалпы мәлімет үшін ғана пайдаланған жөн, — дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.
Сондықтан шариғатқа қатысты мәселелерде жасанды интеллектке емес, дінді терең меңгерген ғалымдар мен арнайы пәтуа мамандарына жүгінген абзал.
Жасанды интеллектке негізделген дипфейк технологиясын алаяқтар қаржылық қылмыстар жасау үшін белсенді қолдана ...
Құмкөл кен орнында жасанды интеллект алғаш рет нақты өндірісте қолданылды. Отандық ғалымдар жасап шығарған цифрлық ж ...
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ереж ...