Таза Қазақстан: Жетісу облысында саябақ тазартылды
Жетісу облысының Балпық би ауылында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Шараға Көксу ауданының белсенділері, м ...
16-25 маусым аралығында «Таза Қазақстан» жалпыұлтық акциясы аясындағы екінші онкүндік өтуде. Бұл кезең абаттандыру , қоқыс орындарын жою, жасыл желектерді суару және күтіп-баптау барысын қоғамдық бақылау секілді мәселелерге арналады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, игі іске Түркістан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жетісу облыстары мен Шымкент және Астана қалаларындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері белсене атсалысты.
Мониторинг барысында саябақтар мен қоқыс алаңдары, тарихи-мәдени ескерткіштер қаралды. Шара аясында ғимараттар маңы тазартылып, ағаштар мен гүлдер отырғызылып, сыртқы ақтау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Түркістан облысында аталған акция аясында «Жасыл толқын» атты бірқатар көгалдандыру және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қоғамдық бақылау нәтижесінде кеңес мүшелері санитарлық тазалықты жақсарту, абаттандыру жөнінде бірқатар ұсыныс білдірді. Атап айтқанда, рұқсатсыз қоқыс алаңын жою, бейнебақылау орнату, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, эко-бақылау топтарын құру және заңбұзушыларға шара қолдану ұсынылды.
Қоғамдық кеңес мүшелері тек ұсыныс білдіріп қана қоймай, аталған жұмыстарға өздері қатысып, қоғамға үлгі боларлық белсенді азаматтық көзқарас танытты.
Жетісу облысының Балпық би ауылында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Шараға Көксу ауданының белсенділері, м ...
Атырауда «Таза Қазақстан » экологиялық бағдарламасы аясында 2600 ағаш егілді. Қазір қаланы абаттандыру жұм ...
Жетісу облысының Жаркент қаласында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды. Шараға жиналған көпшілік саяб ...