Димаш Құдайберген Вьетнамдағы музыкалық фестивальде ән шырқайды
Әлемдік мәдениеттерді бір арнаға тоғыстыратын күн 2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның халық әртісі Димаш ...
Әйгерім Алтынбек 400-ден астам үміткер арасында үздік 12 орындаушының қатарына енген.
Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек әлемдегі ең беделді опера өнері оқу орындарының бірі – "Ла Скала" театры академиясында тағылымдамадан өтеді, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Бейнежазба арқылы өткен алдын ала іріктеуге 400-ден астам үміткер қатысқан. Олардың ішінен 12 үздік орындаушы таңдалып алынды.
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек – көптеген халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаты. Ол танымал композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық опера әншілері байқауында жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар Италияның Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында үшінші орынды иеленді. Қазақстандық әнші атақты италиялық опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығын алды. Әлемнің 470 қатысушысы қатысқан Рената Тебальди атындағы халықаралық вокал конкурсында өнерпаз екінші орынға ие болды.
"25 маусымда әлемге әйгілі Хосе Каррерастың концерті өтеді. Осы кеште Әйгерім Алтынбек те бой көрсетеді. Концертте әлемдік опера ариялар шырқалып, танымал дуэттер өнер көрсетеді. 27-28 маусымында Италияның Неаполь қаласында Андреа Бочеллидің мерейтойлық концертіне қатысып, аты аңызға айналған тенормен бір сахнада ән шырқайды. Бұл жетістік – оның білімге деген ұмтылысы мен кәсіби шеберлігінің жемісі. Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігінің жас таланттарды қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстың нәтижесі", – делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз:
Алматыда опера әншісі Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды
Қайрат Байбосынов, Алма Аманжолова, Майра Ілиясова. Президент мәдениет үздіктерін марапаттадыӘлемдік мәдениеттерді бір арнаға тоғыстыратын күн 2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның халық әртісі Димаш ...
2025 жылы мәдениет нысандарында 51 құрылыс және 250 жөндеу жұмысы жоспарланған. Мемлекеттік қолдау және ...
Соңғы бес жылда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени бірегейлікті нығайту, ұлттық өнерді әлемдік деңгейде таныту ...