Павлодарда бір топ бүлдіршін балабақшада ұшынып, ауруханаға түсті
Оқиғаға байланысты жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бо ...
Мексика жеті жасар баланың ағзасынан 142 ірі паразиттік құрт табылып, шұғыл ота жасалды. Бұл оқиға паразитарлық инвазия салдарының ауыр зардабын көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы La Republica басылымы жариялаған.
Бала бірнеше күн бойы ішінің қатты ауыруы және құсу белгілерімен медициналық мекемеге жеткізілген. Жүргізілген тексеру нәтижесінде баланың ішкі ағзасында ұзындығы 10-27 см болатын 142 паразиттік құрт бар екені анықталған.
Бүлдіршін Мексиканың гигиеналық жағдайы өте төмен, кедей аймағынан келген. Осындай санитарлық нормалар сақталмаған аудандарда гельминттермен (құрттармен) жұғу қаупі аса жоғары болады.
Ота сәтті өтіп, бала аман қалды. Емдеу шараларына қатысқан дәрігер Абелина Гомес жергілікті тұрғындарға жеке бас гигиенасын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Бұған дейін екі жастағы баланы белгісіз ер адам еденге ұрып, есінен тандырғаны туралы жазған едік.
Оқиғаға байланысты жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бо ...
Көпқабатты үй ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарл ...
Қазақстанда маусымдық А тұмауының бірнеше жағдайы тіркелді. Оны басқаша "гонконг тұмауы" деп атайды. Санитар-д ...