Парламент Сенатының отырысы | 25.12.2025
...
Бүгін Сенат тиісті құжатты ратификациялады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев 2027 жылдың соңына дейін ауылдардың 99 пайызы сапалы интернетпен қамтылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2027 жылдың соңына дейін ауылдардың 99 пайызы сапалы интернетпен қамтылады. Бұл – "Қолжетімді интернет" жобасының тек қана бір бөлігі", – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.
Тілшілер ауылдық жерлердегі интернет тарифі қандай болады деп сұрады.
"Ауылдық елдімекен болғандықтан, біз 50 пайызын субсидиялап отырмыз. Сондықтан біздің болжамымыз бойынша тарифтер 5 мың теңгеден басталады. Ал енді одан жоғары жылдамдық керек болса, үлкен интернет пакеттері керек болса, онда тариф құны кішкене қымбаттырақ болады. Оптика тартылған үйге сапалы интернет келеді", – деді вице-министр Сенат кулуарында.
Айта кету керек, бұған дейін 1123 ауылға жоғары жылдамдықты интернет тартылатынын жазған болатынбыз.
БҚДА мүдделі мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың қатысуымен такси қызметі бойынша мониторингтік топтың кезекті ...
Сенатта өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин ветеринариялық сертификаттар арқы ...