Жағаұстатар жайт: Ақтөбе облысында қайын атасы келінін зорлады деген күдікке ілінген
Әлеуметтік желілерде "Ақтөбе облысында келінін зорлады деген күдікпен 53 жастағы ер адам ұсталғаны" туралы ақп ...
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы Сарыжар ауылы маңындағы Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері институтының ұшу айлағында 22-28 маусым аралығында ұйымдастырылған XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған жиынның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп қатысқан болатын. Дүбірлі додаға елімізден бөлек, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан барлығы 800-ге жуық жас сарбаз келді. Биылғы жиын — Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналып отыр.
Осындай жиындар жастардың патриоттық рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Айбынды ұрпақ – елдің қорғаны. Жастарымыздың бойындағы қайсарлық пен ұлтқа деген адалдықты осы алаңда тағы бір мәрте көрдік, – деп атап өтті өңір басшысы.
«Айбын» жиыны — жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, тәртіп пен бірлікке баулитын, сонымен қатар ТМД елдері арасындағы достықты нығайтатын маңызды халықаралық алаң болып отыр.
Жиын барысында қатысушылар түрлі әскери-спорттық және зияткерлік сайыстарда бақ сынап, тәжірибе алмасып, достық байланыстар орнатты. Шара соңында жеңімпаз командалар мен үздік қатысушылар марапатталып, жиын салтанатты түрде жабылды.
Әлеуметтік желілерде "Ақтөбе облысында келінін зорлады деген күдікпен 53 жастағы ер адам ұсталғаны" туралы ақп ...
1 науқас әлі күнге дейін есін жимаған . Самара-Шымкент тасжолындағы жол-көлік апатында зардап шеккен жолаушыла ...
Ақтөбеде bingo37.pro қосымшасы арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, қылмыстық кірісті заңдастырған топтың ...