Елімізде қар құрсауында қалған 10 адам құтқарылды
Бүгін еліміздің ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жол учаскелерінде төрт автокөлік қар құрсауында ...
Қызылордада ТЖМ құтқарушылары арнайы шақыртумен көмекке келіп, мерейтойда күтпеген қонақ болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс орталығында Әйтеке би көшесіндегі үйде тұратын 90 жасар әже өзінің туған күнің бірге тойлау үшін туыстарын күтіп отырған. Бірақ есікті ішінен жауып, өзі аша алмады. Туыстары пәтерге кіре алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.
Оқиға орнына келген мамандар тез арада үш иінді баспалдақты орнатып, гидравликалық құралдың көмегімен екінші қабаттың терезесіндегі торды кесіп, пәтерге кірді. Есікті ашып, туыстарын кіргізді.
Әжей аталған жағдайдан зардап шеккен жоқ. Құтқарушылар есікті ашуға көмектесіп қана қоймай, әжені 90 жылдық мерейтойымен және Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оған денсаулық пен ұзақ өмір тіледі, — деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Бүгін еліміздің ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жол учаскелерінде төрт автокөлік қар құрсауында ...
Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын аяқ ...