Елімізде үш республикалық маңызы бар жол жабылды
25 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар авт ...
8 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Абай облысында — «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Аягөз қаласы — Жетісу облысының шекарасы).
— «Таскескен — Бақты — ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы «Алматы — Өскемен» автожолынан — Үржар а.).
Атырау облысында — «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы — Махамбет ауылы);
Шығыс Қазақстан облысында — «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — Ұлан а. бұрылысы).
Жетісу облысында — «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).
Қарағанды облысында — «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1854 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін)
Қостанай облысында — «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін);
Ұлытау облысында — «Жезқазған-Петропавл» автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 243 арнайы техника мен 322 маман жұмылдырылды, — делінген ҚазАқтоЖол хабарламасында.
25 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар авт ...
Абай облысында Наурыз мерекесін атап өтуге байланысты Семей қаласында көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгер ...
«ҚазАвтоЖол» Қазақстанның екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарла ...