Атырау облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды
Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» идеялогиясын кеңінен насихаттау мақсатында Атырау облыстық про ...
Ақаудың шығу себебі анықталды ма?
Екі күн Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында газ атқылаған еді. Бүгін ұңғыма тығындалып, газ атқылауы тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ембімұнайгаз" АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін 8 наурызда сағат 16:40-та №437 ұңғыманы тығындау жұмысы аяқталған.
– "Жылыоймұнайгаз" басқармасының Батыс Прорва кен орнындағы N437 ұңғымада газ атқылауы толықтай тоқтатылды. Ұңғыма тығындалды. "Ақ Берен" ЖШС-нің әскери авариялық-құтқару қызметі мамандарының көмегімен ұңғыманың сағасына әмбебап гидравликалық превентор қойылды, – деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.
Кен орнындағы ақауды қалпына келтіру жұмысына "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов жетекшілік еткен. Ақауды жоюға "Ембімұнайгаз" АҚ тарапынан жедел штаб құрылып, "Ақ Берен", "Семсер – Өрт сөндіруші" және "СОП Атырау" ЖШС-нің мобильді күзет құрылымдары тартылған.
Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» идеялогиясын кеңінен насихаттау мақсатында Атырау облыстық про ...
Көпқабатты үй ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарл ...
Атырау облысының алыс аудандарына қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында бейнебақылау жүйесі енгізілуде. ...