Песков: Путин пен Трамп жақын арада тағы да сөйлеседі
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
Ақ үй басшысы желіде бұрынғы одақтасына жазба арнады .
АҚШ президенті Дональд Трамп Илон Масктың жаңа партия құру бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Илон Масктың есінен адасқанын көру көңілімді құлазытты. Ол тіпті жаңа саяси партия құрғысы келеді екен. Алайда АҚШ-та үшінші партиялар ешқашан табысқа жеткен емес. Біздің жүйе ондайға арналмаған тәрізді", – деді Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Маск пен Трамптың араздығына салық пен мемлекеттік шығындар туралы заң себеп болды. Қос тарап бұл құжатқа қатысты ортақ түсінікке келе алмады.
Бұған дейін Илон Маск жаңа саяси партия құрғанын мәлімдеген болатын. Ол "Америка партиясы" деген атауға ие.
Айта кету керек, мамыр айының соңында Илон Маск АҚШ әкімшілігіндегі өкілеттігі аяқталып жатқанын хабарлады. Кейін миллиардер Маск Трамптың салыққа қатысты жаңа заң жобасын сынға алды.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
АҚШ бірпартиялы мемлекетке айналуы мүмкін. Бұл туралы кәсіпкер Илон Маск X желісіндегі парақшасында жазды, ...