Астанада алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
11 шілде-3 тамыз аралығында Сингапурде су спорты түрлерінен 22-әлем чемпионаты өтуде . Бүгін Қазақстан Ұлттық ...
Қазақстан құрамасының еншісінде қазір қанша медаль бар?
Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол ат снарядындағы жаттығулар финалында сәтті өнер көрсетіп, төрешілердің шешімі бойынша 14,400 ұпай жинады.
Жеңісті америкалық Брэндон Дэнг (14,633) иеленді. Екінші орынды Патрик Хупс (АҚШ) – 14,533 ұпаймен алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдеге қол жеткізген еді.
11 шілде-3 тамыз аралығында Сингапурде су спорты түрлерінен 22-әлем чемпионаты өтуде . Бүгін Қазақстан Ұлттық ...
Енді жерлесіміз ертең қара фигурада ойнайды. Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында жалғасып ...
7-9 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы өтіп жатыр . Чху ...