Алматы облысында екінші АЭС салынатын аудан бойынша ашық тыңдау өтті
Бүгін Жамбыл ауданы, Үлкен ауылында еліміздің екінші атом электр станциясын орналастыруға ұсынылған аумақта қоғамдық ...
Елімізде салынатын бірінші атом электр стансасына білікті кадрлар дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр.
Бұл жайында Атом энергиясы жөніндегі агенттіктен мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
— Консорциум көшбасшының міндетіне қызмет көрсетуші персоналдарды дайындау кіреді. АЭС пайдалану үшін шамамен 2 000 адам, оның ішінде ядролық мамандық бойынша 400 адам қажет. Ал қалғандары — бізде жұмыс істеп тұрған көмір және газ электр стансаларында еңбек ететін бейінді-техникалық мамандар. Ядролық мамандықтар бойынша қызметкерлерді дайындауға келер болсақ, қазіргі уақытта физикамен, энергетика және электртехникасымен байланысты 18 білім бағдарламасы бойынша білікті кадрларды дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр, — деді агенттіктен.
Ведомство мәліметінше, отандық Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, сонымен қатар ядролық технология маманданған шетелдік жетекші ЖОО-ларда мамандар даярлау қолға алынған. Ядролық мамандықтар бойынша білім гранттар санын арттыру қажеттілікке қарай жүзеге асырылады. Сонымен қатар білім алып жатқан жас мамандар жұмыс істеп тұрған АЭС-терде тәжірибе жинақтап, тағлымдамадан өтеді.
Бүгін Жамбыл ауданы, Үлкен ауылында еліміздің екінші атом электр станциясын орналастыруға ұсынылған аумақта қоғамдық ...
Қазіргі уақытта жоспарланған "Балқаш" бірінші атом электр станциясының ауданында инженерлік-іздестіру жұмыстары жүргіз ...
Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық байқау аяқталды ...