• 21-11-2025

Киік етінің бағасы қанша теңге болады?

Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етінің 1 келісінің құнын алдағы уақытта жариялайды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, аталған жұмыс басталып кеткен және оған Экология министрлігі жетекшілік етуде.

Қазір бұл мәселемен Экология министрлігі айналысып жатыр. Ал біздің міндет – ет комбинаттарын сайғақ етімен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда 18 ет комбинаты тіркелген, олардың барлығында ветеринариялық бақылау жүргізілуде. Біздің есептеуімізше: етті қандай бағамен қабылдайды, қалай сатылады – мұның бәрі логистикаға байланысты. Соған сәйкес сайғақ етінің нақты бағасы бекітіледі, – деді Айдарбек Сапаров.

Ол сайғақ етінің бір келісі үшін ұсынылатын нақты баға бір апта немесе он күн ішінде жарияланатынын атап өтті.

Қосымша бір апта немесе он күн ішінде бір келі сайғақ еті үшін нақты бағаны айтатын боламыз, – деді министр.