Қостанайда 2 миллиард теңге жымқырған шенеуніктер ұсталды
Олар медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу жалға ...
ҚМА ШҚО бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен "Өскемен әуежайы" АҚ басшылығына қатысты қызметтік өкілетін асыра пайдалану, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру деректері бойынша тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бес жыл бойы акционерлік қоғамның бұрынғы президенті мен өзге де лауазымды тұлғалары еңбекақыны негізсіз көбейту, жалған сыйақылар мен жалған шарттар жасау арқылы жүйелі түрде ақша жымқырған. Жымқырылған қаражат кейін касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Қоғамға тиесілі көлік құралдары бухгалтерлік есептен шығарылып, нарықтағы құнынан бірнеше есе төмен бағамен сенімді тұлғаларға сатылған.
Сонымен қатар, қоғамның коммерциялық нысандары жеңілдетілген шарттармен жалға берілгені анықталды: яғни, жалдау ақысы төмендетіліп, нақты жалға берілген аумақ азайтылып көрсетілген.
"Мемлекетке келтірілген жалпы залал 157 миллион теңге болды. Сот санкциясымен күдіктілердің 126 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне (4 пәтер, жер учаскесі және 2 автокөлік) тыйым салынды", — делінген хабарламада.
Күдіктілер қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Олар медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу жалға ...
Қылмыстық топтың басқа мүшесі бас бостандығынан айырылды. Қазақстан аумағында жұмыс істеген онлайн-казиноның ұйымда ...
Іс Грузия Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2 және 6-бөліктері бойынша сараланған. Грузия Қаржы министрлігінің терг ...