Елена Рыбакина Швентектен ұтылды
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...
Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Гштаад (Швейцария) ATP 250 турнирінің финалына өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 116-орында тұрған франциялық Артур Казомен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Бублик 2 рет брейк жасап, айқын басымдылық танытты – 6:1. Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 7:5.
1 сағат 12 минутқа созылған бәсекеде Александр Бублик 12 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Казо 2 эйспен шектелді.
Александр Бублик финалда әлемнің 109-ракеткасы, аргентиналық Хуан-Мануэль Серундоломен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...
Елімізде алғаш рет ауылды жерде үстел теннисі орталығы ашылды. Қазақстан Республикасы үстел тенисі федерациясы осы ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның Астанаға сапары екіжақты күн тәртібіне тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ...