2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Ол – Қазақстандағы үш мәрте Олимпиада жүлдесін толық иеленген санаулы спортшының бірі.
Дзюдошы осыдан тура бір жыл бұрын төртжылдықты түйіндейтін доданың алтынын мойынға ілген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Спортшы Париждегі тарихи жеңісіне арнап әлеуметтік желіге жантебірентерлік жазба жариялаған.
– Бүгін – мен үшін тарихи күн. Осыдан тура бір жыл бұрын арманыма қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысы жүрегімнен ерекше орын алады. Бірақ, Париж Олимпиадасының алтыны – ең биігі. Солай болып қала береді. Бұл – маңдай тер мен еңбектің ақталған күні, барлық марапатымның шыңы. Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арман жолында көп нәрседен бас тартуға, көп тәуекелге баруға тура келді. Барлық спортшы дәл осындай бақытты сәтті бастан кешірсе екен деп тілеймін, – деп ағынан жарылды ол.
Тарихи жеңістен соң спортшы отбасына көп көңіл бөлуге шешім қабылдаған. Бірақ, ол Лос-Анджелестегі Олимпиадада екінші рет чемпион атануды көздеп отыр.
– Олимпиада алтынынан кейін ғана мен өмірімді өзіме, отбасыма, жақындарыма арнай бастадым. Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Енді сол жеңісті 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді, – деді ол.
Бір ай бұрын спортшының татамиге оралуға жақын екенін жазған едік.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Ұлттық құраманың спорттық киімі демеушілер есебінен сатып алынған. Туризм және спорт министрлігінде 2026 жылғы ақп ...
Дзюдодан 2025 жылғы маусым ресми түрде аяқталды. Әлемдік турдың қорытынды кезеңі Токио қаласында өткен Grand Slam ...