Жетісайда өрт салдарынан ес-түссіз күйде үш адам табылды
Өрт салдарынан ес-түссіз күйде табылған 3 адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Аман қалған ...
Алматы облысының Іле ауданында орналасқан құс фабрикасы өртенген, деп хабарлайды skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы облысының ТЖД мәліметінше, 28 шілде күні М.Түймебаев ауылында құс етінен тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорынның асханасынан өрт шыққан. Оқиға орнына дереу қалалық және облыстық ТЖД құтқарушылары жұмылдырылған.
— Алғашқы бөлімшелер келген сәтте өрттің үлкен аумақты шарпығаны анықталды. Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі ер адамның мәйітін тапты. Ашық жалынды өшіруге 42 маман мен 14 техника жұмылдырылды. 450 шаршы метр аумақта өрт толығымен сөндірілді. Жақын маңдағы нысандарға оттың таралуына жол берілмеді, — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі ҚК 292-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Өрт салдарынан ес-түссіз күйде табылған 3 адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Аман қалған ...
Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдегі өрттің салдарынан екі ересек және бір бала ...
Жоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Түркістан облысының Құтарыс ауылында "Ауыл құтқарушылары" ба ...