Павлодарда табиғаттың өзі тексерушіге айналып, атқарушы биліктің жұмысын әшкерелеуде
Соңғы күндері Павлодар облысында болған дауыл мен жауын тек ауа райының тосын мінезі емес, жергілікті шенеуніктердің ...
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 2026 жылы тұрғын үй нарығында бағаның өсу ықтималдылығына қатысты сұраққа жауап берді
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері: «Келесі жылы тұрғын үй бағасының 20%-ға қымбаттауы мүмкін бе?» деп сұрады.
Жаңа Салық кодексі ешқандай жағдайда қарапайым азаматтарға ықпал етпейді. Біз биыл 19 млн шаршы метрден асатын тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй құны нарықтық әдістермен реттеледі. Алайда мемлекеттің жеке құрылысшылардан сатып алатын тұрғын үйге тапсырыс беруші ретінде болуы шамамен 10 жыл бойы өз әсерін береді, — деп жауап берді Премьер-министрдің орынбасары.
Айтуынша, елімізде тұрғын үй бағасы қымбат емес.
Баспана құны бізде қымбат емес. Айтайын дегенім, бизнес-санаттағы немесе элиталы тұрғын үйдегі сегмент емес, эконом-санаттағы тұрғын үй өз бағасына лайықты түрде сатылады. Бағаның бірден құбылуын да көріп отырған жоқпыз. Жаңа Салық кодексін қабылдау арқылы ірі құрылыс компанияларының бизнесті бөліп, аса мол пайда табатын тәжірибеге тосқауыл қойылады. Олар салық төлеп отырған дәл қазіргі жағдайда олар аз пайдаға ие болады, — деп түсіндірді Роман Скляр.
Сонымен қоса вице-премьер баспана бағдарламаларына тоқталып өтті.
Жобалық сметалық құжаттарға сәйкес, біз аз қамтылған азаматтарға арналған мемлекеттік тапсырыстарды – «Бақытты отбасы», «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары аясында жүзеге асырамыз. Баға параметрлері реттелетін болады. Тағы да атап өтемін: бұл – нарықтық тетіктер арқылы, бірақ бағалар белгілі бір шеңберде бақылауда болады, — деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.
Соңғы күндері Павлодар облысында болған дауыл мен жауын тек ауа райының тосын мінезі емес, жергілікті шенеуніктердің ...
Елімізде әрбір азаматтың нақты тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуі — заңмен міндеттелген талап. Қазіргі з ...
Қарағандыда газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Жақын арада қалада 10 мыңға жуық жеке тұрғын үй таб ...