Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
Қостанай қаласындағы тігін фабрикасы өңірдегі жетекші жеңіл кәсіпорындардың бірі. Бүгінде мұнда 300-ге жуық адам еңбек етеді. Оның дені, негізгі еңбек күші, – тігіншілер.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Цехтың мына бөлігінде 50-ге жуық тігінші бір уақытта жұмыс істейді. Әркімнің өз міндеті бар. Мысалы мына әскери киім жеке-жеке бөліктен құралып тігілген. Қазір осы жерде барлығы бірге тігіліп, соңында дайын өнім шығарады.
Жібек Жалғасбаева бала күнінен тігінге жақын. 10 жылдан астам уақыт сүйікті ісімен айналысып келеді. Ал осыдан екі жыл бұрын фабрикаға жұмысқа орналасқан. Бұл мамандық шыдам мен шеберлікті талап етеді дейді.
Жібек Жалғасбаева, тігінші:
Тігуді жақсы көремін. Тігінге отырсам, барлығын ұмытып кетемін. Ауылда жүргенде Жаңа жыл қарсаңында балаларға түнімен отырып тіге беремін. Қандай жұмыс болсын, шыдамдылық керек. Мамандығың ұнаса, әркім өз ісін тиянақты атқарады.
Фабрика жылына шамамен 88 мың данаға жуық өнім шығарады. Әскери форма мен түрлі саладағы жұмысшылардың арнайы киімдері осы жерде тігіледі. Соңғы уақыт бұл салаға жастардың да қызығушылығы артып келеді. Жыл сайын 50-ге жуық студент өнеркәсіп қабырғасында тәжірибеден өтеді.
Раушан Жикенова, тігін фабрикасы директорының орынбасары:
Біз Рудныйдағы институтпен де жұмыс істейміз. Қостанайдың өзінде колледж бар. Сол жерден жыл сайын студенттер келіп, осында жұмыс істеп үйренеді, кейбірі әрі қарай осында қалады. Коррекциялық қолдау қажет ететін балалар да бар. Аздап тәжірибе жинап, біртіндеп ұжымға үйрене бастайды.
Кәсіпорын өндіріске шетелдік және отандық шикізатты пайдаланады. Қысқы киім үшін құс мамығын Солтүстік Қазақстаннан әкеледі. Сондай-ақ биыл цех жаңғыртылып жатыр. Озық технологиялар сатып алынып, жұмысшыларға жағдай жасалмақ.
Мәдина Нағашыбай
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клу ...
Республика күні қарсаңында Астанада "Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі " ұраныме ...