Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері, әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді.
Дәурен Қосанов Президент тапсырмаларының орындалу барысын жеткізді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысына әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру, әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері жөнінде ақпарат ұсынылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Мемлекет басшысы озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды. ...