Танымал журналист Азат Рыстанбек дүниеден озды
Танымал тележурналист Азат Рыстанбек дүниеден озды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме ...
Ол апелляция нәтижесін күтіп жатқан .
73 жастағы қария биыл мамыр айында пара бергені үшін сотталған, деп жазады inbusiness.kz сайты журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Тараздағы тергеу изоляторында қамауда болған ер адам аяқасты қайтыс болды. Оның өлімі бейнебақылау камерасына тіркелген. Марқұм жүрек ауруына байланысты медициналық мекемеде тіркеуде тұрған. Бұған дейін бірнеше рет ауруханаға жеткізіліп, ем-дом қабылдаған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өліміне жүрек ауруы себеп болған", – делінген Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті таратқан хабарламада.
Сотталған ер адам апелляциялық шағымның қаралуын күткен. Туыстарының айтуынша, сот отырысы бірнеше рет кейінге қалдырылған. Cоңғы рет 30 шілдеде шегеріліп, 13 тамызға белгіленген.
Қарт адамның денсаулығына байланысты туыстары бұрыннан алаңдаушылық білдіріп келген. Оған күн сайын шұғыл медициналық көмек қажет болған. Дәрігерлер оған жүрек жетіспеушілігі, жүрек демікпесі мен қант диабеті диагнозын қойған.
Ол ІІ топтағы мүгедек болған әрі жүрегіне кардиостимулятор орнатылған. Сот-медициналық сараптамалардың қорытындысы бойынша, оның диагноздары жазасын өтеуден босатуға негіз бола алатын аурулар қатарына жатады.
Танымал тележурналист Азат Рыстанбек дүниеден озды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме ...
Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар арасында балалар бар, — деп хабарлайды Ma ...
Қазақстанда биыл 9 айдың қорытындысы бойынша жол апаты салдарынан 1 600-ден аса адам қаза тауып, 35 000 ...