Павлодарда бір топ бүлдіршін балабақшада ұшынып, ауруханаға түсті
Оқиғаға байланысты жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бо ...
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауылдық жерлердегі медициналық кадр тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтып берді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
– Сіз баяндамаңызда кадр тапшылығы мәселесін айтып өттіңіз. Расында да әсіресе ауылдық жерлерде бұл өте өзекті мәселе. Мұны нақты қалай шешеміз?, – деп сұрақ қойды Премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға.
Өз жауабында Денсаулық сақтау министрі былтыр Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен ауылдық жерлерге баратын дәрігерлерге қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қабылданып, заңмен бекітілгенін атап өтті.
– Ауылдық елді мекенге жұмыс істеу үшін келген сұранысқа ие дәрігерлердің 8,5 млн теңге көтерме төлемақы алуға мүмкіндігі бар. Екіншіден, ауылға баратын жас мамандарға үйді сатып алу немесе баспана салу үшін бюджеттік кредит мөлшері ұлғайтылды. Бюджеттік кредит ставкасы 0,01% құрайды, бұл жақсы қолдау деп айтуға болады. Сонымен бірге, медициналық қызметкерлер балаларын балабақшаға беру үшін жергілікті жерде басымдық беру мәселесі заң аясында қарастырылған. Ең бастысы, заң аясында барлық тиісті әлеуметтік қолдау шаралары болғанымен жергілікті атқарушы органдарға мұны назарға алып, медициналық қызметкерлерге басымдық беру сұралады, – деді Ақмарал Әлназарова.
Алайда, министр былтыр ауылға жұмысқа орналастырылған 370 жас маманның тек қана 254-і (70%) көтерме төлемақы алғанын айтты. Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштеріне қарамастан, көтерме төлемақы қарастырылмаған.
Оқиғаға байланысты жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бо ...
Ақ жағалылырдың шешіміне қарсы шыққан көпшілік білім бөліміне келіп шу шығарды. Қызылордада мыңдаған бү ...
Балаларды қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мектепке д ...