Бектенов Сурдлимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан спортшыларын марапаттады
2025 жылғы Сурдлимпиада ойындарына 81 мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқае ...
Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгінгі отырыста ана мен бала денсаулығына қатысты бірқатар маңызды тапсырма берді.
Премьер-Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы бұл мәселені денсаулық сақтау жүйесінің басты басымдығы ретінде айқындаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, қабылданған шаралар нәтижесінде соңғы жылдары ана мен бала өлімі 6 еседен астам төмендеген.
– Бұл жетістік – медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің жемісі. Ауылдық жерлерге білікті мамандарды тарту мен оларды тұрақтандыру аналар мен балалардың сапалы медициналық көмек алуына жол ашты, – деді Үкімет басшысы.
Олжас Бектенов акушер-гинекологтар, неонатологтар, педиатрлар мен реаниматологтарды үздіксіз оқыту қажеттігін атап өтті. Жетекші отандық және шетелдік клиникаларда олардың біліктілігін арттыру жалғасады. Сонымен қатар өңірлік және елордалық клиникалар базасында оқу орталықтарын дамыту тапсырылды.
Премьер-Министр перинаталдық орталықтарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, қауіпсіз босану жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс екенін ескертті.
– 1 қарашаға дейін барлық қажетті құжаттаманы дайындап, Шымкент пен Қарағандыда жаңа перинаталдық орталықтардың құрылысын бастау керек. Сондай-ақ "Аналар саулығы" бағдарламасын ел көлемінде сапалы әрі толыққанды іске асыру маңызды, – деді Олжас Бектенов.
2025 жылғы Сурдлимпиада ойындарына 81 мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқае ...
Ота кезінде асқазан қуысынан шыққан магниттің ұзындығы шамамен 0,5 сантиметр. Ата-анасының айтуынша, ол ойнап жүріп ...
Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде ондаған адам газдан уланып қалды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы ...