Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Әйелдердің ақшаны қайда және қандай мақсатпен сақтайтыны белгілі болды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен маркетинг және социологиялық зерттеулер институты бірлісіп қызық сауалнама жүргізген.
Сауалнамаға 18 бен 65 жас аралығындағы 1980 әйел қатысты. Зерттеу қорытындысына сүйенсек, нәзік жандылардың 34%-ы жиған-тергенін банкте сақтайды. Салымшылардың 81 пайызы теңгемен депозит ашса, қалғаны шетел валютасын таңдаған. Сауалнамаға қатысқан 30 жасқа дейінгі қыздардың 14 пайызы баспана алу үшін, 17 пайызы қаржылық қор үшін, 5 пайызы бизнес ашу үшін ақша жинайтынын айтқан. Ал 30 жастан асқан әйелдердің 12 пайызы үй сатып алуды жоспарласа, 16 пайызы қаржылық қиындықтардың алдын алу мақсатында жинайтынын көрсеткен. Ал мүлде банкке ақша салмайтын әйелдердің 12 пайызы қаржысын бизнеске, жылжымайтын мүлікке, бағалы қағаздарға және бағалы металдарға инвестициялаған. Зерттеуге қатысқандардың көбі отбасылы және жоғары білімі немесе ғылыми дәрежесі бар әйелдер. Олар сауда, қызмет көрсету, бизнес және өндіріс, сондай-ақ өнеркәсіп саласында жұмыс істейді. Мамандар зерттеу нәтижесі қазақстандық әйелдердің қаржылық сауаттылығының артып келе жатқанын көрсете дейді.
Серік Жұмабек
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клу ...
Республика күні қарсаңында Астанада "Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі " ұраныме ...