Израиль атысты тоқтату режиміне қарамастан Газаға шабуылын жалғастырып жатыр
Израиль әскері Газа секторындағы оккупацияланған аймақтарға әуе және артиллериялық соққылар жасады. Куәгерлердің айт ...
Әуеден тасталған гуманитарлық жүк жәшігі жасөспірімнің өмірін қиды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Газаның орталығында, Нусайрат босқындар лагері маңында болды.
Гуманитарлық көмекті әуеден тастау операциясы кезінде жәшік жерге құлап, Мұхаммед Ид есімді жеткіншек ауыр жарақат алды. Оны дереу Эль-Авде ауруханасына жеткізгенімен, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады.
Дереккөздердің мәліметінше, бұл оқиғада тағы бірнеше палестиналық зардап шеккен, олардың арасында жағдайы ауыр науқастар да бар.
16 шілдеден бері әуеден гуманитарлық жүк жеткізу кезінде осымен 4-ші рет адам өліміне әкелген қайғылы жағдай тіркеліп отыр.
Израильдің Газа секторына қойған блокадасы салдарынан өршіген гуманитарлық дағдарыс жағдайында бірқатар мемлекеттер көмек көрсетудің осындай – әуеден тастау – әдісін қолдануда.
Израиль әскері Газа секторындағы оккупацияланған аймақтарға әуе және артиллериялық соққылар жасады. Куәгерлердің айт ...
Израиль әуе соққыларынан Газа секторында бір тәулікте 10 адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алған. Бұл ту ...
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...