Зейнетақы 10%-ға өседі: 2026 жылы зейнеткерлер қанша теңге алады?
Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы төлемі 10%-ға өседі. Келер жылдарға арналған бюджет жоспарына сәйке ...
Облыстық полиция мәліметінше, 25 шілдеге дейін 31 азаматтан өтініш түсіп , олар 41 қаруды тапсырған.
Оның ішінде, 35 – тегіс ұңғылы қару, 1 – травматикалық қару және 5 – ойық ұңғылы қару, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полиция департаментінің мәліметінше, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері тұрғындар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
– Біз облыс тұрғындарымен 46 кездесу өткізіп, заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру және қару иелеріне ақшалай сыйақы төлеу тәртібі туралы толық түсіндірме бердік. Азаматтардың ыңғайы үшін қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде, сондай-ақ ХҚКО, базар және ойын-сауық орталықтары сынды халық көп шоғырланатын орындарда үгіт-насихат материалдары орналастырылды. Бұдан бөлек барлық полиция бөлімдеріне халыққа тарату үшін арнайы жадынамалар берілді, – деп хабарлады департаменттен.
Заңсыз сақтаудағы қаруды ерікті түрде тапсырған 25 азаматқа жалпы сомасы 3 007 980 теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленді.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы төлемі 10%-ға өседі. Келер жылдарға арналған бюджет жоспарына сәйке ...
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өң ...
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,5 млрд теңгеге немесе 11,4%-ға жоғары (01.12.2024 ж. жа ...