Ірі ақпарат агенттігінің басшысы мен оның отбасы мүшелерінің денелері табылды
Bloomberg басшысы Ричард Самарел мен оның жұбайы Лина Мария Самарел және олардың тоғыз жасар қызы Саманта Самарел ...
Канадада жаңа премьер-министр сайланды.
Марк Карни өз елінің АҚШ-тың бір бөлігіне айналмайтынына уәде берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
59 жастағы бұрынғы орталық банк басшысы Марк Карни Канаданың билеуші партиясының жаңа жетекшісі болып сайланды. Қазіргі үкімет басшысы Джастин Трюдоның отставкаға кеткеннен кейін соның орнын басады. Тиісті ақпарат партияның X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.
"Либералдардың жаңа жетекшісі – Марк Карнимен таныс болыңыздар!", – делінген хабарламада.
Карни ішкі партиялық сайлаудағы жеңісінен соң жасаған алғашқы мәлімдемесінде Канада ешқашан АҚШ-тың бір бөлігі болмайтынын, тіпті Дональд Трамптың сөздеріне қарамастан бұл жағдай болмайтынын айтты.
"Америка – Канада емес. Канада ешқашан Американың бір бөлігіне айналмайды. Бұл дауды біз бастаған жоқпыз... Саудада да, хоккейде де Канада жеңіске жетеді", – деді Карни.
Марк Карни 2008 жылғы қаржылық дағдарыс кезінде ел экономикасын құлдыраудан сақтап қалған дарынды экономист ретінде танымал. Ол 2020 жылға дейін Англия Банкінің басшысы болды.
Bloomberg басшысы Ричард Самарел мен оның жұбайы Лина Мария Самарел және олардың тоғыз жасар қызы Саманта Самарел ...
Гренландияның жаңа премьер-министрі арал АҚШ-қа қосылмайтынын ескертті. Йенс-Фредерик Нильсен бұл туралы өз ...
Ақ үй басшысы Тегеран ядролық бағдарламадан бас тартуы керек деп отыр. Иран АҚШ Президенті Дональд Трамптың ...