Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Түркияның Балыкесир провинциясындағы Сындыргы ауданында үш күн ішінде сейсмикалық белсенділік күрт артты.
10-12 тамыз аралығында мұнда 879 жер сілкінісі тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
AFAD мәліметінше, дүмпулердің басым бөлігі (шамамен 745) магнитудасы 3,0-ден төмен болып, тұрғындар сезбеген. Ал 120 сілкіністің күші 3,0-3,9 балл, тағы 17 сілкініс 4,0-4,9 баллға жеткен. Соңғылары аймақ тұрғындарын алаңдатып, адамдар үйлерінен шығып кеткен.
Мамандар мұны жер қыртысындағы жарықтарда жиналған кернеумен байланыстырады. Түркия — әлемдегі сейсмикалық тұрғыдан ең қауіпті аймақтардың бірі.
Қазір жер сілкінісінен үйлері жарамсыз деп танылғандар уақытша тұрмыстық контейнерлерге орналастырылуда. Билік жағдайды бақылауда ұстап, халықты сабыр сақтауға және ресми хабарламаларды қадағалауға шақырып отыр.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды ...
Бүгін алматылықтардың ұялы байланыс телефондарына келген хабарландыру жұртты дүр сілкіндірді. Әсіресе, қоғамдық орындард ...