Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мә ...
Димаш Құдайберген 5 қазанда АҚШ-та концертін өткізеді.
Танымал сазгер, продюсер Игорь Крутой "Бизнес Online" порталына берген сұхбатында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Игорь Крутойдың айтуынша, Димаш әлемдік деңгейдегі жұлдыз ретінде қалыптасып үлгерді. Одан әрі өсуге және дамуға Димаштың вокалдық мүмкіндіктері жеткілікті.
"Ресейде Димашпен деңгейлес жас әншілер бар ма?" деген сауалға композитор: "Бұл мәселе жағдайға байланысты. Қазір ондай әншілік мансап құру ресейлік әнші үшін қиын. Сондай-ақ, жас вокалистер арасында, Димаштай ешкім жоқ. Димаш – жалғыз", – деп жауап берді.
Игорь Крутойдың айтуынша, Димаш Құдайберген екеуінің арасында ешқандай ресми келісімшарт болмаған.
"Біз бір-бірімізге көмектесіп, бірге жұмыс істедік. Біреулер, мен оған, ал басқалар ол маған көмектесті деп есептейді. Анығында, біз бір-бірімізді толықтырдық: мен музыка жаздым, ал ол ән айтты. Бұл өте қызық кезең болатын", – деді сазгер.
Қазір бұл шығармашылық жұп бірге жұмыс істемесе де, Игорь Крутой Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын бақылап жүретінін айтты. Ол 5 қазанда Нью-Йоркте өтетін концертке Димаштың шақыруымен қатысады.
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мә ...
Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan телеарнасындағы «Бәрекелді!» бағдарламасына қонақ болып, өнер жолындағ ...
Жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы , Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысуда. Түрк ...