Қазақстанда коуч қызметін көрсетуге рұқсаты бар мамандар тізімі жарияланады
Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауапта коучинг қызметінің кәсіби стандарты бекітілет ...
Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын реконструкциялау барысын талқылады.
Ол көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан 125 вокзалдағы жаңғырту жұмыстарының қарқыны мен олардың белгіленген мерзімде аяқталатынын сұрады.
«Сіздің тапсырмаңыз негізінде жұмыс басталды. Биылғы жылдың соңына дейін 100 вокзал жөндеуден өтеді. Қалғандары 2026 жылы толық аяқталады», – деді министр.
Министрліктің дерегінше, мердігерлер вокзалдарды кезең-кезеңімен жаңғыртуға кірісіп кеткен. Барлық жұмыстар нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес жүргізілуде.
Жоспар бойынша вокзал кешендерінің қасбеттері, шатырлары, залдары, инженерлік желілері, сондай-ақ жолаушылар платформалары жөнделеді. Сонымен қатар заманауи қауіпсіздік, навигация және жарықтандыру жүйелері орнатылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалмақ.
Олжас Бектенов бұл істі жедел қарқынмен атқаруды тапсырды.
Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауапта коучинг қызметінің кәсіби стандарты бекітілет ...
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шека ...
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әуе жолдары арқылы тасымалданатын жүктерді халықаралық станда ...