Маңғыстау облысында дала мысығы фототұзаққа ілікті
Маңғыстау облысындағы Үстірт қыраты аумағында сирек әрі аса сақ жыртқыш дала мысығы фототұзаққа ілікті, — д ...
Оқушы қыз теңізге түсіп, өздігінен жағаға шыға алмаған.
18 тамызда сағат 18:30-да Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шапағат ауылындағы жағалауда жасөспірімнің судан шыға алмай жатқаны жөнінде хабарлама келген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына бірден учаскелік полиция инспекторлары – Данияр Назарбаев, полиция капитаны Біржан Шапағатов және полицияның аға лейтенанты Дулат Ғайнуллин шұғыл аттанады.
Жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып, қайық табылып, полицейлер ойланбастан теңізге шығады. Қыз бала шамамен жағалаудан 600 метр қашықтықта болған. Оны қайыққа мінгізіп, жағаға жеткізеді.
Бұл оқиға – полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен жанқиярлығының жарқын үлгісі ғана емес, сонымен қатар азаматтардың өмірін, құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған "Заң және тәртіп" қағидатының нақты іске асуының айғағы болды.
Маңғыстау облысындағы Үстірт қыраты аумағында сирек әрі аса сақ жыртқыш дала мысығы фототұзаққа ілікті, — д ...
Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған ...
Биыл Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласында 38 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Мал шаруашылығы бойынша ө ...