E-Gov 24/7 режимінде жұмыс істеуі тиіс – Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов E-Gov инфрақұрылымы 24/7 режимінде жұмыс істеуі тиіс екенін айтты. «Жалп ...
Олжас Бектенов жас мамандарды ғылымға тарту үшін университеттердегі ғылыми зерттеулерді белсенді дамытуды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылымды дамыту және цифрландыру мәселелері қаралған Үкімет отырысында аталған саланы дамыту жөніндегі дәйекті жұмыстың нәтижелері атап өтілді.
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті салааралық үйлестіру мақсатында 2024 жылы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа Заң қабылданды.
Сонымен қатар бизнестің ғылымға инвестиция салуын ынталандыру үшін 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жеңілдіктері енгізілді.
Ғалымдарды әлеуметтік қолдау бағытына ерекше көңіл бөлініп келеді. Премьер-министр жас мамандарды ғылыми ортаға тартудың маңыздылығын атап өтті.
Ғылымның басым бағыттары бойынша іргелі зерттеулермен айналысатын ғалымдар тікелей қаржыландыруға ие болды. Жыл сайын 250-ден астам жас ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Докторантура бағдарламалары бойынша оқуға мүмкіндік беретін білім беру гранттарының саны артып келеді. Жастардың ғылымдағы үлесі айтарлықтай өсіп, бүгінде ол 46%-ды құрап отыр.
Жастарды одан әрі ғылымға тарту үшін университеттердегі ғылыми зерттеулерді белсенді дамыту қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр Олжас Бектенов E-Gov инфрақұрылымы 24/7 режимінде жұмыс істеуі тиіс екенін айтты. «Жалп ...
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттен қызмет алу үшін ешқайда барудың қажеті болмайтынын, жүйе азаматтың ...
Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттің энергетика саласына қатысты тапсырмаларының орында ...