Шымкентте жер дауы мен тұрғын үйге қатысты мәселе тыйылмай тұр
Былтыр 248 талап-арыз әкімшілік сотқа жолданып, оның 56%-іне шешім шығарылған, деп хабарлайды 24kz. Биыл д ...
Ол жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді.
Қазақстан тұрғын үй компаниясы үлескерлерді қолдаудың жаңа онлайн орталығында өзінің iBota чат-ботын іске қосқанын хабарлады. Чат-бот генеративті жасанды интеллект негізіндегі инновациялық сервис саналады.
Компанияның хабарлауынша, чат-бот үлескерлердің құқықтарын қорғау және үлестік құрылыс нарығындағы ашықтықты арттыру үшін құрылған.
Ibota чат-ботының көмегімен үлескерлер:
Оқи отырыңыз: "Наурыз" ипотекасы 5 наурызда іске қосылады. Бағдарлама шарттары қандай
"Жаңа сервис сұраныстарды өңдеу уақытын едәуір қысқартады, ақпараттың қолжетімділігін арттырады, бұл үлескерлердің мүдделерін қорғауға, алаяқтық тәуекелдерін азайтуға және заңды үлестік құрылыстың үлесін ұлғайтуға ықпал етеді (бүгінде нарықтың 67 пайызы "көлеңкелі" аймақта). Қазіргі уақытта iBota чат-боты бета-тестілеу режимінде жұмыс істейді. Пайдаланушылар қазірдің өзінде оның функционалдығын сынап көре алады және кері байланыс беру арқылы қызметті жақсартуға үлес қоса алады. Өнеркәсіптік пайдалануға беру 2025 жылдың екінші тоқсанында жоспарланған", – делінген хабарламада.
Платформа қызметіне осы сілтеме арқылы жүгінуге болады.
Былтыр 248 талап-арыз әкімшілік сотқа жолданып, оның 56%-іне шешім шығарылған, деп хабарлайды 24kz. Биыл д ...
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Наурыз мерекесі қарсаңында Орал қаласының тұрғындарына 120 жаңа пәтер ...
Тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктері кеңейтілді. Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ак ...