Зейнетақы көлемін арттырудың жолдары қандай?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы көлемін өз бетінше арттырудың жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz ...
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлім етті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыны автоматты түрде тағайындайтын пилоттық жобаның аяқталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Зейнетақы төлемін проактивті тағайындау бойынша пилоттық жоба болды. Бастапқыда оған мемлекеттік корпорациялар қатысты. Ұйымдардың кадр бөлімі 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі туралы ақпаратты зейнетке шығуды жоспарлаған қызметкерлер үшін енгізіп отырған. Кейін квазимемлекеттік сектор ұйымдары да қосылып, ақпарат енгізді", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазір пилоттық жоба аяқталды.
"Пилоттық жобаны одан әрі қарай кеңейту мәселесі әзірге белгісіз, себебі барлық жұмыс беруші қызметкерлерінің алдыңғы жұмыс орнындағы, әсіресе 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі туралы ақпаратты енгізуге дайын емес. Сондықтан пилоттық жоба әзірге тоқтатылды, басқа бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Нақты айтқанда, Е-архивті цифрландырумен, е-архивпен интеграция жүргіземіз. Еңбек өтілі туралы ақпарат сол ақпараттық жүйеден алынады", – деп түсіндірді министрдің орынбасары.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы көлемін өз бетінше арттырудың жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz ...
Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды жасанды интеллект анықтайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік ...
Мұндай тосын ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті. ...