Сүйінші! Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу едәуір жеңілдейді
Мұндай тосын ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті. ...
Президент тапсырмасы бойынша балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру ауқымы кеңейтілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ақша балаға беріледі» қағидаты негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда орындар бөлудің жаңа механизмі енгізілгені мәлім. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пилоттық жоба 20 қала, 16 ауданда жүзеге асырылып жатыр.
«Биыл «Ақша балаға беріледі» қағидаты негізінде ваучерлік қаржыландыру механизмін өңірлерде кеңінен тарату арқылы балабақшаларға кезек саны 2 есеге дейін азайды. Пилоттық жобаға 5,6 мың мектепке дейінгі ұйым қатысып, 788 мың балаға ваучер берілді. Ваучерлік қаржыландыру 21,8 миллиард теңге бюджет қаражатын үнемдеп, ол балаларға жаңа ваучерлер беруге қайта жұмсалды», деді М.Мелдебекова.
Мұндай тосын ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті. ...
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлім етті. Еңбек және халықты әле ...
Өңірлерде травматологиялық орталықтар құру тұжырымдамасы ұсынылды . Бұл туралы ұлттық ғылыми травматология ...