Жамбыл облысында жер сілкінді. Зілзала ошағы Қырғызстанда орналасқан
Жер сілкінісі бүгін 12 сағат 57 минутта тіркелді. Жамбыл облысында жер сілкініп, оның Қордай ауданындағ ...
Ғалымдар бұл Африка мен Еуразияның бір құрлыққа бірігуіне әкелуі мүмкін деп есептейді.
Nature Geoscience ғалымдары Испания мен Португалия тұсындағы Солтүстік Атлант мұхитының астындағы жер мантиясындағы қозғалыстарды зерттей келе, болашақта Африка, Еуразияның бір ірі құрлыққа бірігуі мүмкін екенін болжады.
Ғалымдардың айтуынша, ХХ ғасырда Португалияда бірнеше қуатты жер сілкінісі болған. Ал 1069 жылғы жер сілкінісі кезінде геологтар жер литосферасының ыдырауын байқаған. Ал таяуда Португалия ғалымдары компьютерлік моделдеу арқылы бұл болжамның шындыққа барынша жақын екенін айғақтады.
Оқи отырыңыз: Жер сілкінісінің ошағы Алматыға жақындап келеді. 130 жыл бұрынғы жойқын зілзала қайталана ма
"Миллиондаған жылдар ішінде су тау жыныстарына кіріп, олардың беріктігін әлсіретті. Бұл Атлант мұхитында жаңа субдукция (екі жер плитасының бір-біріне соғылуы арқылы бірінің екіншісінің үстіне шығуы. Бұл процесс төмендегі суретте бейнеленген – ред.) аумағы анықталып отыр. Ал бұл ірі жер сілкіністеріне және цунамилерге әкелуі мүмкін. Литосфералардың қозғалысы құрлықтардың бірігуіне әкеледі. Бұл Испания мен Португалия тұрған аймақ плиталарының жылжуы арқылы Еуразия мен Африканың бірігуіне жол ашады", – деп түсіндірді ғалымдар.
Жер сілкінісі бүгін 12 сағат 57 минутта тіркелді. Жамбыл облысында жер сілкініп, оның Қордай ауданындағ ...
Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қар ...