• 21-11-2025

“Бағанаға ілініп қалған“. Ақтөбеде бортын түсірмеген жүк көлігі төңкеріле жаздады

Ақтөбеде жүк көлігінің жүргізушісі бортын түсіруді ұмытып кетіп, төңкеріліп қала жаздады. Ол жол бойындағы бағдаршам мен белгілер ілінген бағанаға ілініп қалған , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Жүк көлігінің кесірінен даңғыл бойындағы көлік қозғалысы қиындады. Айқара ашылған жүк салғышы бағанаға тірелгенде, көліктің алдыңғы жағы асылып қалған. Астынан басқа көліктердің жүруіне қауіпті болыпты. Онымен қоса бағдаршам да істемей, сақшылардан бастап, жолға жауапты мамандар түгел жиналды. Енді ебедейсіз жүргізушіге хаттама толтырылып, барлық шығын соның мойнына ілінбек.

Жаңақоныс елді мекені, Едіге батыр даңғылы, "Анвар" гипермаркетіне қарама-қарсы жүк көлігі жол апатына себепші болды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізушілер, жолда сақ, абай болайық", — деді Ақтөбе ПБ аға инспекторы Батырбек Қалиоллаев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget