Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды
Бүгінгі Талғар аудандық сотында өткен процессте "Шерзат ісінен" соң аты шыққан Хасан Қасымбаев өзіне тағылған ...
Талғардағы кеше ұрланған кішкентай қызға дәрігерлер сәтті ота жасап, тіліне сегіз тігіс салды. Бұл туралы адвокат Гаухар Сәриева әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сәриева оқиғаға қатысты жаңа мәліметтерді де бөлісті. Оның айтуынша, қылмыскер қызды көлігіне отырғызып, жардан құлап кеткен кезде бала жарақат алып, денесінде жаралар пайда болған.
"Ол (қылмыскер – еск.) оған қол тигізбеген. Қыз аман қалды", – деп жазды Сәриева.
Адвокаттың мәліметінше, қызы ұрланған жәбірленуші әйел – медбике. Қыз ұрланған, ал ағасы өлтірілген сәтте ол көршісінің үйінде қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа дәрі қойып жатқан.
"Осы кезде қылмыскер оны да, баланы да алып кету үшін келген болуы мүмкін. Егер ол оларды үйде көргенде не боларын елестете алмаймын", – деді Сәриева.
Еске салайық, 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызылқайрат ауылында дүр сілкіндірген қылмыс болды. Ер адам ауыл тұрғынын атып өлтіріп, оның кішкентай жиенін ұрлап кеткен. Кейінірек арнайы жасақ баланы құтқарып, анасымен қауыштырды. Күдікті ұсталды.
Сәриева оқиғаға қатысты бірнеше видео жариялап, кейбір деректерді нақтылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Бүгінгі Талғар аудандық сотында өткен процессте "Шерзат ісінен" соң аты шыққан Хасан Қасымбаев өзіне тағылған ...
Талғарда елдің әр түкпірінен көкпаршылар жиылып, қазір бәсеке қызған, деп хабарлайды 24kz. Алматы облысынд ...
Хасан Қасымбаев және өзге де күдіктілерге байланысты сот отырысы Талғар қаласында өтуде. Сот басталғаннан со ...