Ұлттық банк инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеді деп мәлімдеді
Қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция төмендеп, 12,4% деңгейінде тұрақтады. Бұл туралы Үкімет от ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында инфляция мәселесіне тоқталды. Ол инфляция халық табысын азайтып жатқанын айтып, Үкіметке нақты шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президенттің сөзінше, бұл мәселеге дайын шешім жоқ, себебі оған көптеген мемлекеттер тап болып отыр. Дегенмен Қазақстан жағдайында мәселе әлдеқайда өткір сипат алған.
«Бұл макроэкономикалық тұйық шеңберден шығу қажет. Қайта-қайта туындайтын қиындықтарды еңсеру үшін озық әлемдік тәжірибені ескеріп, қажет болған жағдайда танымал емес қадамдар жасауға да дайын болу керек.
Үкімет пен Ұлттық банк бір команда ретінде жұмыс істеуі тиіс. Өйткені қазіргі жағдайдың күрделілігін ескерсек, бұл – жалпымемлекеттік міндет. Арқан тартысатын уақыт емес», – деді Президент.
Қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция төмендеп, 12,4% деңгейінде тұрақтады. Бұл туралы Үкімет от ...
Шетелдік бақылаушылар мен мамандар "Қазақстанда табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалған" деп ашық айтып о ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны тұрақтандыруды және төмендетуді, экономиканың орнықты өсімін қамтама ...