Бүгін «Барыс» пен ресейлік «Авангард» командасы кездеседі
Бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында «Барыс» пен «Авангард» командаларының тартысты ойыны өтед ...
Жаңа маусымда алғаш рет Барыс-Аренада ине шаншар орын болмады.
"Барыс" өз алаңындағы матчтар сериясын Минскінің "Динамосына" қарсы матчпен жалғастырды. Астаналықтар құрамында тек бір ғана ауысым болды. Руслан Оспановтың орнына Құрлықтық хоккей лигасындағы дебютант Вячеслав Колесников ойынға шықты.
Айта кетерлігі, жаңа маусымда алғаш рет "Барыс Аренада" трибунаға жанкүйерлер толық жиналды. Ойынды 11 626 жанкүйер тамашалады.
Қонақтар есепті алтыншы минуттың басында ашты. Алекс Лимож көк сызықтан жасалған соққыға шебер клюшкасын қойып, шайбаны қақпаға бағыттады. Келесі голды көрермендер екінші кезеңнің соңына дейін күтті. Мэйсон Морелли қақпашымен жеке шыққан сәтте соққы жасамай, Майкл Веккьонеге пас шығарды. Нәтижесінде "Барыстың" 88-нөмірлі ойыншысы жаңа командасы сапындағы алғашқы ресми голын соқты. Бір минуттан соң Лимож дубль авторы атанды. Ал үзіліске 9 секунд қалғанда Сэм Энэс минскіліктердің басымдығын арттырды.
Нәтижесінде осы шайба матчтың нүктесін қойды. 15 қыркүйекте Михаил Кравецтің шәкірттері өз айдынында Мәскеудің "Динамосымен" кездеседі.
"Барыс" – "Динамо" Минск 1:3 (0:1, 1:2, 0:0)
0:1 – 05:11 – Лимож (Уэлле, Энэс)
1:1 – 33:32 – Веккьоне (Морелли, Галимов)
1:2 – 34:30 – Лимож (Пинчук)
1:3 – 39:50 – Энэс (Уэлле, Фукале)
Қақпашылар: Шутов – Фукале
Бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында «Барыс» пен «Авангард» командаларының тартысты ойыны өтед ...
Елордалық хоккей клубы мәскеулік ұжымды 5:2 есебімен жеңді. "Барыс" жаңа маусымдағы алғашқы өз алаңындағы ма ...
Астанада өткен Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында "Барыс" Минскінің "Динамосына" 1:3 есебімен жол бер ...