Табысын ашық көрсеткен 63 блогер өз еркімен салық төледі
Мемлекеттік кірістер комитеті 63 қазақстандық блогер өз кірістерін өз еркімен декларациялағанын хабарлады. ...
Сот үкімімен "A" ЖШС-ның басшысы кінәлі деп танылды .
Кәсіпкер 260 миллион теңгеден астам салықты төлемегені үшін екі жыл алты айға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Шымкент қала прокуратурасының сайты.
Жоғарғы сот мемлекеттік кірістер органдарының 263 миллион теңгеден астам салықты төлеуді міндеттеген хабарламасын заңсыз деп тапқан апелляциялық соттың қаулысын жою туралы прокурордың кассациялық өтінішхатын қанағаттандырды.
Осы факті бойынша қала прокуратурасы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару), қылмыстық істі сотқа жолдаған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда балалар демалысы саласындағы кәсіпкерлер 2 есе азайған
"Сот талқылауы барысында "A" ЖШС-ның басшысы мемлекеттке келтірілген 261 миллион теңге залалды өтеген. Сот үкімімен "A" ЖШС-ның басшысы кінәлі деп танылып, "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР заңының талаптарын ескеріп, екі жыл алты айға шартты түрде жаза кесті", – делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер комитеті 63 қазақстандық блогер өз кірістерін өз еркімен декларациялағанын хабарлады. ...
Шымкенттегі су қорғау аймақтарында екі мыңнан астам түрлі нысан орналасқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү ...
Алып компаниялар 17 млрд теңге төледі. Оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да бар. Бұл туралы Қаржы ...